Отрасли
Обсуждения
Новость
Қоғамдық тыңдау
2025 жылдың 8 қаңтар күні «N 2 Новоишим орта мектебі» КММ-де екінші тоқсанның қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
Салтанатты ашылу мектеп оқушыларының өнер көрсетуімен басталды. Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібімен мектеп директоры Абуова М.К. таныстырды.
2 тоқсанның қорытындысымен оқу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ромазанова А.Д. "2 тоқсанның білім жетістіктері" атты баяндамасында білім сапасы мен үлгерімін, мектептегі үздік және жақсы оқушылардың саны туралы айтып, мектеп оқушыларының халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадалардағы жетістіктері мен байқау, сайыс жетістіктері туралы жан-жақты айтып өтті.
Әрбір бала отбасының да, мектептің де қолдауын сезінуі үшін оқу үлгерімін жақсарту бойынша ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.В.Ермолаева сөз сөйледі. Татьяна Владимировна өз сөзінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы ой қозғады, «2 тоқсандағы тәрбие жұмысын талдау» презентациясы көрсетілді.
Мектеп директоры Абуова М.К. сынып және мектеп өміріне белсене қатысқаны, мектеп оқушыларының ата-аналарына жан-жақты көмек көрсеткені үшін алғыс хаттар табыс етті.
Қорытындылай келе, мектеп директоры Абуова М.К. мектепте атқарылып жатқан жұмыстар, мектеп аумағын абаттандыру бойынша жартыжылдық қорытындысымен таныстырды. Ол барлық қатысушыларға алғыс айтып, отбасының маңыздылығын атап өтті, өйткені отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы болып қала береді.