Отрасли
Обсуждения
Новость
Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде топтық жұмысты ұйымдастыру
2025 жылдың 15 қаңтар күні жас педагогтермен жұмыс жоспары шеңберінде «Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде топтық жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында онлайн семинар өтті. Іс-шараның спикері Торайғыров университетіне Fellow тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша келген тәжірибелі оқытушы Гада Рахман болды. Ол тиімді топтық жұмыс және оқу топтарындағы бағалау үдерістері туралы білімдерімен бөлісті. Шараға 100 жас ұстаз қатысты.

Семинарда топтық тапсырмаларды пайдалану, білім алушылардың белсенділіктері және топтық жұмыс жағдайында білім алушылардың жұмысын бағалау тәсілдерін қоса алғанда, сыныптағы топтық өзара әрекеттестіктің негізгі аспектілеріне назар аударылады. Педагогтер мен білім алушылар арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастық дағдыларын жақсартуға бағытталған тиімді оқу жағдаяттарын құру бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Іс-шара жаңадан бастаған педагогтер үшін де, топтық жұмысты ұйымдастыру және білім алушылардың білімін бағалау дағдыларын жетілдіруге ұмтылатындар үшін де пайдалы болды.