2025 жылғы 22 қаңтарда онлайн форматта «Эколята-дошколята» экологиялық жобалар (стартаптар) облыстық фестивалінің финалдық кезеңі өтті.
«Эколята-дошколята» — бұл жай ғана байқау емес, планетаға деген мейірімділік пен қамқорлық сабағы.
2025 жылғы 22 қаңтарда онлайн форматта «Эколята-дошколята» экологиялық жобалар (стартаптар) облыстық фестивалінің финалдық кезеңі өтті. Барлығы 22 экологиялық жоба ұсынылды.
Фестиваль қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:
Гран-при – Аққайың ауданының «Смирнов орта мектеп - гимназиясы» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілері.
I орын – Ғабит Мүсірепов ауданының «Раис орта мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілері.
II орын - №2 «Светлячки» ересек топ, №7 «Барбарики» мектепалды даярлық тобы, «Солнышко» балабақшасы МКҚК , Петропавл қаласы.
II орын – Жамбыл ауданының «Айнагүл» балабақшасы МКҚК.
III орын - Аққайың ауданының «Влас орта мектебі» КММ «Айналайын» шағын орталығы,
III орын - Шал ақын ауданының «Мерген негізгі мектебі» КММ «Еркетай» шағын орталығының тәрбиеленушісі Нығметжан Қайрат,
III орын - Тайынша ауданының «№4 орта мектебі» КММ тәрбиеленушілері Фенько Вера мен Салназарян Арианна.
Қатысушыларға алғысымызды білдіреміз, жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!