Салалар
Талқылаулар
Новость
Ақылыңды мейірімге орап бер
21.01.2025жылы мектебімізде аймақтағы мектеп басшыларымен мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ақылыңды мейірімге орап бер» тақырыбында іс- шара өтті. Іс -шараның мақсаты ұлттық құндылықтарды, бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу еді. Іс- шараға аймақ мектептерінің басшылары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, метебіміздің білім алушылары мен даналық мектебінің ата - әжелері және әкелер, аналар мектебінің мүшелерімен қоса ата- аналар мен оқушылары қатысты. Іс- шара барысында келген қонақтарымызға ата - анамен бала арасындағы қарым қатынас, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары, ұялы телефонның пайдасы мен зияны туралы ситуациялық сұрақтар беріліп, ата –әжелеріміз ата -аналарымыз және оқушыларымызбен мектеп басшылары тәрбие орынбасарлары біріге отырып жұмыс жасап, шешу жолдарын бірге тауып өз ойларын ортаға салды. Одан бөлек халқымыздың ұлттық салт- дәстүрлеріне де шолу жасап, ұмытылып бара жатқан дәстүрлерімізді өскелең ұрпаққа дәріптеп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушылары өткізілген іс -шарадан алған білімдерін, үлкендердің ақылдарын тыңдап, түйген ойларымен бөлісті. Осы шараға атсалысып қатысқан мектеп басшыларына, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға, ата – әжелерімізге, ата аналарымызға және оқушыларға алғыс білдіреміз.