23
0
24
29
28
ХАБАРЛАНДЫРУ! "Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебі" КММ "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша өтініштер қабылданатындығы туралы хабарлайды. Қамқоршылық кеңес құрамына мыналар кіреді. 1. Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; 2. Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері; 3. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса); 4. Ата-аналар кеңесі ұсынған әрбір параллель сыныптан, білім беру ұйымдарында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкіл; 5. Қайырымдылық жасаушылар (бар болса) Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебі әкімшілігі 4 ақпан 2025 жыл Анықтама телефоны: 8-705-230-15-98
malayaschzhandosova
150
13.02.2025 в 13:37
Мәдениет