Салалар
Талқылаулар
Новость

Бастауыш сыныптардың онкүндігі
17-28 ақпан аралығында «№7 орта мектеп» КММ-де әдеби оқудан бастауыш сыныптардың онкүндігі өтуде. Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, таланттарын анықтау, оқушыларды кітаппен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру және оқуға деген қызығушылығын дамыту. Онкүндікке барлық бастауыш сынып оқушылары қатыса алады. Тақырыптарды таңдау әр түрлі: “Оқушылардың жетістіктері көрмесі”, “Кітап ауырып қалды” акциясы, “Ертегіде қонақта” викторинасы, “Әдеби оқудың білгірі” олимпиадасы, “Менің сүйікті ертегім” қолөнер байқауы, кроссвордтар мен ребустар байқауы, “Үздік оқырман”, әдеби кейіпкерлердің костюмдер шеруі, “Көктем келе жатыр, көктемге жол” мәнерлеп оқу байқауы, көктем туралы шығармалар байқауы.