Салалар
Талқылаулар
Новость

Салауатты өмір салты
10-14 ақпан аралығында кітапхана меңгерушісі «Салауатты өмір салты» көрмесін ұйымдастырды. Ұсынылған әдебиеттер білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып таңдалды. Әдебиеттерді, буклеттерді және брошюраларды шолу кезінде оқушылар салауатты өмір салтын ұстануға көмектесетін көптеген аспектілермен танысты. Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыруға көмектесетін буклеттер де ұсынылды.