Отрасли
Обсуждения
Новость

Бракераждық комиссия мүшелерінің мониторинг нәтижесі
Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының 3-параграф, 110-тармақшасына сәйкес Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп лицейінде ағымдағы жылдың 18 ақпан күні тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш - технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына, тегін тамақтың ұйымдастырылуы және тамақтандырудың сапасы қадағалау мақсатында бракераждық комиссия мүшелерімен арнайы мониторинг жүргізілді.
Мониторинг жүргізу барысында бракераждық комиссия мүшелерінің қатысуымен келесі көрсеткіштерді анықтады.
-Тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру шарттары талапқа сай.
-Асхананың жұмыс кестесі мен, кезекшілік кестесі, күнделікті мәзір мен 4 апталық перспективалық мәзір ілінген.
-Асхана және ас үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай-күйі, ыдыстың қосалқы жиынтығының жеткіліктілігі және болуы, санитарлық жағдайы талапқа сай.
-Көкөністерді жәшіктерде, тауар қойғыштарда, тегендердегі таңбаланған сыйымдылықтарда сақталған, тауар көршілестігі талапқа сай қойылған.
- Бракераждық комиссия мүшелері мониторинг нәтежесін талапқа сәйкес екендігін көрсетті.