Отрасли
Обсуждения
Новость

«Қазіргі заманғы технологиялар білім алуда маңызды рөл атқара ма?»
Ақпан айында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Қазіргі заманғы технологиялар білім алуда маңызды рөл атқара ма?» тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараны жоба жетекшісң: Б. Фаил жүргізді.Іс-шараға Мектеп Парламентінің мүшелері қатысып, білім беру саласындағы заманауи технологиялардың рөлі туралы өз ойларын ортаға салды. Пікірталас барысында оқушылар сандық білім беру ресурстарының артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылап, онлайн оқыту, интерактивті платформалар мен жасанды интеллекттің білім сапасына әсері туралы пікір алмасты. Қатысушылар технологиялардың білім алудағы маңыздылығын мойындай отырып, дәстүрлі оқыту әдістерінің де маңызын атап өтті. Бұл іс-шара оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға, өз пікірін дәлелді түрде қорғауға және технологиялардың білім беру процесіндегі рөлін жан-жақты бағалауға ықпал етті. #біртұтастәрбие