Отрасли
Обсуждения
Новость

Қаңтар айындағы мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру.
Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру.
2024-2025 оқу жылында мектебімізде жалпы білім алушылар саны-1808. Оның ішінде 106 оқушы 0 сынып. Бір мезгіл ыстық тамақпен қаңтар айынан бастап 110 оқушыға сұраныс жіберіліп қосылған болатын. 1-4 сынып аралығынан 50 оқушы. 5-11 сынып аралығынан 60 оқушы. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады. 1-4 сыныптар асханаға 14 реттік 20 минуттық үзілісте тамақтанса, 5-11 сыныптар асханаға екінші сабақтан кейін 10 минуттық үзілісте тамақтануға барады.
Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сынып жетекшілері асханаға алып барады және кезекші мұғалімдер тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.
Тамақтану блогы түрі – асхана.
Отыратын орындар саны 60 орын.
Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын ғимарат жиналып, жұма күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.
Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.
Ұсыныс:
- Асхананың тазалығын күнделікті қадағалау.
- Оқушылардың әлеуметтік жағдайын бақылау одан әрі нығайтылсын.
- Мектеп оқушыларының сапалы ыстық тамақпен қамту мақсатында комиссия тексерісі уақытылы әр апта сайын жүргізілсін.
Әлеуметтік педагог: Әбсадық С.Ж.