Отрасли
Обсуждения
Новость

“Кім жылдам?” жарысы.
Ағылшын тілі апталығы аясында қоңырау уақытында қызықты “Кім жылдам?” жарысы өтті. Бұл сайыс оқушылардың ағылшын тілін жылдам ойлап, тез жауап беру дағдыларын дамытуға бағытталды.
Жарысқа әр сыныптан ерікті түрде қатысқан оқушылар қатысты. Олар түрлі тапсырмалар орындап, жылдамдықтарын сынады:
🔹 Сөздік ойыны – жүргізуші айтқан қазақша сөзді ағылшын тіліне аудара отырып, жылдам жауап беру.
🔹 Жұмбақ шешу – ағылшынша берілген жұмбақтардың жауабын табу.
🔹 Сөз тіркесін құрау – ретсіз берілген сөздерден дұрыс сөйлем жасау.
Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, барынша тез әрі дұрыс жауап беруге тырысты. Ең жылдам және дұрыс жауап бергендер шағын сыйлықтармен марапатталды.
Бұл іс-шара қоңырау уақытын тиімді өткізуге көмектесіп, оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттырды. Осындай қызықты жарыстар алдағы уақытта да жалғасын табады! 🎉🚀 ВИДЕО КӨРУ