Отрасли
Обсуждения
Новость

«Әжем айтқан ертегі»
14.02.2025ж.күні мектебімізде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Әжем айтқан ертегі» атты іс-шара өтті. Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімі: Ш.Төлесін жүргізді. Іс-шараның мақсаты – балаларды қазақтың ауыз әдебиетімен таныстыру, олардың қызығушылығын арттыру және ертегілер арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау. Іс-шара барысында әжелер мен кітапханашылар қазақ халық ертегілерін оқып, олардың тәрбиелік маңызы туралы әңгімеледі. Балаларға түрлі ертегі кітаптары таныстырылып, халық ертегілерін оқып, олардың астарлы мағынасы мен өмірлік тағылымын түсіндірді. Сондай-ақ, балаларға арналған викториналар, қойылымдар және шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды. Бұл шара балалардың қиялын дамытып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруге ықпал етті. #біртұтастәрбие #балаларкітапханасы