Отрасли
Обсуждения
Новость

“Таланттар жұлдызы”
20.02.2025ж.күні мектебімізде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында “Таланттар жұлдызы” “Шабыт” жобасы аясында өнер байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауда қатысушылар өз өнерлерін төрт негізгі номинация бойынша көрсетті: вокал (ән айту), аспапта ойнау, мәнерлеп оқу және би өнері. Шара барысында жас өнерпаздар өз қабілеттерін ортаға салып, көрермендерді таңғалдырды. Ән байқауында қатысушылар әртүрлі жанрдағы әндерді жанды дауыста орындап, ерекше әсер сыйлады. Аспапта өнер көрсету бөлімінде домбыра, баян секілді музыкалық аспаптарда әуезді шығармалар орындалды. Мәнерлеп оқу сайысында оқушылар көркем шығармаларды жүрекке жеткізе оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Би номинациясы да ерекше қызығушылық тудырды. Оқушылар қазақтың ұлттық билерімен қатар, заманауи және классикалық хореография элементтерін қамтитын қойылымдар ұсынды. Әсем қимыл, ырғақты әуен мен әсерлі сахналық образдар көрермендерді тәнті етті. Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігін, сахналық мәдениетін және шығарма