Отрасли
Обсуждения
Новость

Лондондық танымал режиссер жаңа қойылымға дайындықты бастап кетті
Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрына Азия және Еуропа елдеріндегі театр ұжымдарының тәуелсіз режиссері Овлякули Ходжакули келді. Биылғы маусымда танымал маманның атсалысуымен павлодарлық сахнада жаңа премьера ұсынатын ойымыз бар.
Овлякули Ходжакули 1959 жылы Түркіменстанда дүниеге келген. Орталық Азия және Еуропа елдеріне танымал режиссер. Ол Георгий Товстоногов және Михаил Туманишвилидің шығармашылық зертханаларында тәжірибеден өткен, сондай-ақ ағылшын режиссері Питер Бруктың шеберлік сағаттарына қатысқан. Қазіргі уақытта Лондон қаласында тұрады. Оның режиссерлігімен 90-нан астам қойылымдар, концерттер мен фильмдер түсірілген. Түркия, Хорватия, Румыния, Польша, Германия, Финляндия, Италия, Швейцария, Франция, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей, Ұлыбритания елдерінде өткен халықаралық театр фестивалдеріне қатысып, марапаттарға ие болған.
Қазіргі уақытта маман Орталық Азия және Еуропа елдерінің түрлі театр ұжымдарында тәуелсіз режиссер ретінде еңбек етіп келеді.
Кәсіби маман Аймауытов театрында дайындық жұмыстарын бастап кетті. 36-шы маусымда театрымызда Бертольд Брехттің мектебі бойынша жаңа премьера қойылады деп күтіліп отыр. Премьера туралы қосымша хабарлаймыз.