Отрасли
Обсуждения
Новость

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының қорытындылары
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 14-15 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп базасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңін өткізді.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 14-15 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп базасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңін өткізді.
Педагогикалық олимпиаданың негізгі мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Қатысушыларға Қазақстанда білім беруді дамытуды жақсартуда маңызды рөл атқаратын өздерінің бірегей идеясын. TEDх форматында таратуға мүмкіндік берілді.
Павлодар облысынан еңбек өтілі 5 жылға дейінгі 8 жас маман өз тәжірибелерін ұсынды.
КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:
IІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:
Дударева Анжелика Дмитриевна, Павлодар қаласының Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің география пәнінің мұғалімі;
Бәкен Даниял Мұратұлы, Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінің география пәнінің мұғалімі;
Жанабек Ғаламат Ғалымжанұлы, Май ауданының Е.Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің тәлімгері.
IІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:
Шақырман Айдана Дүйсембайқызы, Баянауыл ауданының Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты тәлімгері;
ГРАМОТАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ:
Таласпай Анель Мукановна, Аққулы ауданының Тлектес жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
Сламбекова Айгуль Муратовна, Май ауданының Кеңтүбек ауылының Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің педагог-психологі;
Сертификатар табысталды:
Бимурза Нариман Русланұлы, Павлодар қаласының К. Макпалеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі мұғалімі.
Ауталипов Нияз Ерболович, Павлодар қаласының №41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі;
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!