Отрасли
Обсуждения
Новость

«ХАНТАЛАПАЙ» ұлттық ойындар республикалық конкурсының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Мектеп жасына дейінгі балалардың түрлі ұлттық ойындарға деген
Қызығушылықты ояту, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық конкурсының облыстық кезеңіне аудандық-қалалық білім беру бөлімдері ұсынған конкурстық материалдар қарастырылды. Конкурстың І кезеңіне барлығы 119 мектепке дейінгі ұйым қатысты. ІІ-ші кезеңге білім беру бөлімдерінен 25 бейнеролик ұсынылды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі орындар мен номинациялар
үлестірілді.
Ортаңғы топ тәрбиеленушілері арасында:
1 орын – Кенжекөл ауылының № 20 сәбилер бақшасы.
2 орын - Ақтоғай ауданы, Тіленшін атындағы ЖОББМ "Бөбек" шағын орталығы.
Ересек топ тәрбиеленушілері арасында:
1 орын – Павлодар қаласының № 8 сәбилер бақшасы.
Мектепалды топ тәрбиеленушілері арасында:
1 орын – Май ауданы, Қазан ЖОББМ «Гүлдер» шағын орталығы.
2 орын – Екібастұз қаласының № 3 санаториялық сәбилер бақшасы.
3 орын – Павлодар ауданы, Мичурин сәбилер бақшасы.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» номинациясы – Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасы;
«Алтын сақа» номинациясы – Ақтоғай ауданы, Қараоба ЖОББМ;
«Үздік ұйымдастырылған ұлттық ойын» номинациясы - Екібастұз қаласының № 21 ресурстық орталығы;
«Белсенді ойыншылар» номинациясы – Шарбақты ауданы, Шегірен ЖОББМ;
«Тапқырлар мен ептілер» номинациясы - Павлодар қаласының № 33 сәбилер бақшасы;;
«Үздік ойын алаңы» номинациясы – Аққулы ауданы, «Айгөлек» бөбекжай бақшасы.
Кенжекөл ауылының № 20 сәбилер бақшасы, Павлодар қаласының № 8 сәбилер бақшасы, Май ауданы, Қазан ЖОББМ «Гүлдер» шағын орталығының материалдары республикалық кезеңге қатысуға ұсынылды.