Отрасли
Обсуждения
Новость

"Күй күмбірі" атты домбырашылар челленджі
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес "Күй күмбірі" атты домбырашылар челленджі ұйымдастырылды. Шара барысында күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ә.Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйі орындалып, қазақтың қасиетті қара домбырасы күмбірлеп, халықтың рухани байлығы дәріптелді. Мақсаты: ұлттық мәдени мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу, домбыра аспабын насихаттап, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру.