Отрасли
Обсуждения
Новость

ЖАС ПЕДАГОГТЕРДІҢ V ФОРУМЫ
2025 жылғы 26 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» V облыстық форумын өткізді. Форум Павлодар қаласының Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында өтті, оған 270 жас педагог және Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 4 курс студенттері қатысты.
2025 жылғы 26 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» V облыстық форумын өткізді. Форум Павлодар қаласының Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында өтті, оған 270 жас педагог және Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 4 курс студенттері қатысты.
Форум аясында 12 әдістемелік секция ұйымдастырылды. Педагогтер қызықты тренингтер, пікірталас алаңдарын және келесі тақырыптар бойынша шеберлік сағаттарын өткізді: «Табысты сабақ – құрылымнан нәтижеге дейін», «Білім беру қарқындылығы: оқытуды үйренеміз», «Педагогикалық табыстың кілттері», «Білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологиясын енгізу», «Педагогтің кәсіби дамуындағы өсу нүктелері» «Перспективті мұғалім – табысты мұғалім», «Болашаққа перспективті біліммен: сын-қатерлер, бастамалар, мүмкіндіктер».
Пленарлық отырыс ашық дискуссия форматында өтті. «Педагог: Мамандық. Мәртебе. Өнер» тақырыбы бойынша диалогке жоғары білікті жақ-бет хирургі, дәрігер-стоматолог, имплантолог және ортопед Абдыгалиев Алишер Корабаевич, Павлодар қаласының М.Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, музыка пәнінің мұғалімі, «Жас ұстаздар ұраны» авторы Оразбек Бахатхан, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, облыстық «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» сайысының жүлдегері, республикалық кезеңнің Грамота иегері, «Үздік сынып жетекші» сайысының 1-орын иегері, республикалық кезеңнің 3-орын иегері. Облыстық «Тәуелсіздік жастары - 2025» грантының иегері Назерке Семей қатысты.
Форумда «Дарынды балаларға – талантты ұстаз – 2025» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері сөз сөйледі. Форум аясында ұйымдастырылған «Менің педагогикалық инновациям» облыстық конкурсының, «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды.
Форумның бағдарламасы жас педагогтерге командалық өзара іс-қимылдың бірегей тәжірибесін алуға, теориялық және практикалық біліммен алмасуға мүмкіндік берді. Павлодар облысының жас педагогтерінің форумы – жарқын эмоциялар мен орасан зор энергетика, жаңа идеялар мен практикалық шешімдерге толы сипатта өтті.