Отрасли
Обсуждения
Новость

«Ойын қызметі және интеграция мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде»
Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылғы 28 наурызда Павлодар қаласының № 96 сәбилер бақшасы - «Радуга» үйлесімді даму орталығы» КМҚК құзыреттілік орталығының базасында «Мектепке бағдар» жобасы шеңберінде облыстық семинар-практикум өтті.

«Ойын қызметі және интеграция мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде» тәжірибе алаңы режимінде педагогтер мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын қалыптастырудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін біріктіру нұсқаларын ұсынды.Ұйымдастырылған іс-әрекетте мектеп жасына дейінгі балалар өзара әрекеттесу дағдыларын, пәндік-кеңістіктік ортада ақпаратты өздігімен іздеу дағдыларын көрсетті, ақпарат іздеуде бастама көрсетті.
Семинардың әдістемелік бөлімі мектепке дайындық кезеңінде мета-пәндік дағдылар мен әлеуметтік интеллект, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша интерактивті ойындар форматында өтті.