Салалар
Талқылаулар
Новость

«Мәдениет- өмір мәйегі» қыздар жиналысы.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында әдеп күніне «Мәдениет- өмір мәйегі» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары қыз балалармен қыздар жиналысы өтті. Жиналыс мақсаты мектептің ішкі тәртібін сақтау және мәдениеттілік - адамгершілік айнасы, адамның тұлғалық асыл қасиеттерінің көрінісі екенін баяндау. Жиналыста қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұматтар берілді. қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерін қалаптастыру үшін үнемі ізденісте болу қажеттігі айтылды. Бұл этикеттен, әдеп, ибадан, көргенділіктен, толып жатқан басқа да ізгілікті қасиеттерден байқалмақ. ВИДЕО КӨРУ