Салалар
Талқылаулар
Новость

Облыстық бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының қызметі аясында 10 сәуірде «Смирнов мектеп-гимназиясы» КММ бейнелеу өнері және еңбекке баулу сабақтарын жобалауға арналған семинар өтті
📌Облыстық бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының қызметі аясында 10 сәуірде «Смирнов мектеп-гимназиясы» КММ бейнелеу өнері және еңбекке баулу сабақтарын жобалауға арналған семинар өтті.
Петропавл, Аққайың, Тайынша, Қызылжар аудандарынан 30-дан астам педагог қатысты. Семинар функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен технологиялық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Шебер-сыныптарда педагогтер түрлі материалдар мен техникалармен жұмыс істеудің тиімді әдістері мен тәсілдерін көрсетті. Семинар соңында қатысушылар алған білім мен тәжірибе оларға білім беру процесін жетілдіруге көмектесетініне сенім білдірді.