Салалар
Талқылаулар
Новость

Бүгінгі күнде білім беру жүйесінде тәрбие мен оқытудың маңызды рөлі бар. Бұл тұрғыда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы – жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды бастама
📚Бүгінгі күнде білім беру жүйесінде тәрбие мен оқытудың маңызды рөлі бар. Бұл тұрғыда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы – жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды бастама. Тимирязево ауданында ағымдағы жылдың 10 сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Жумабаева Мара Маскеновнаның қатысуымен семинар өтті.
Іс-шара барысында ұстаздар мен мамандар бір-бірімен өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбие үрдісіндегі жаңа тәсілдер мен әдіс-тәсілдерді талқылады. Біртұтас тәрбие бағдарламасы тек қана білім беру мәселесін емес, балалардың тұлғалық дамуын, олардың рухани және моральдық қырларын да қамтиды.
Семинарға қатысқан 100 астам педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бағдарламаға қатысты қызықты ұсыныстар мен пікірлерін айтты. Сонымен қатар, қатысушылар тәрбие беру жұмысының тиімділігін арттыру үшін қандай инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануға болатынын талқылады.