Салалар
Талқылаулар
Новость

«Әдеп және мәдениет» дөңгелек үстел.
14 сәуір күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Әдеп және мәдениет» тақырыбында 5-7 сынып оқушыларына дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты: мәдениеттілік – адамның тұлғалық асыл қасиеттерінің көрінісі екендігін түсіндіру, қоғамдық орындарда өзін- өзі ұстау, жүріс- тұрыс, сөйлеу әдебін сақтау, мектептің ішкі тәртібін сақтау. Дөңгелек үстел барысында мәдениеттіліктің адамгершілік, адалдық, әдептілік, тазалық, тиянақтылық, кішіпейілділік қасиеттермен үндес ұғым екендігі де атап өтілді. ВИДЕО КӨРУ