Салалар
Талқылаулар
Новость

Білім сапасы ерте балалық шақтан басталады!
📌Білім сапасы ерте балалық шақтан басталады!
📝Бүгін «Заманауи мектепке дейінгі білім беру ұйымы: мәселелер мен бағыттар» атты V Халықаралық конференция өтті!
Конференцияға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен, Омбы қаласынан және Беларусь Республикасынан өкілдер қатысты.
Конференцияның бесінші рет өткізіліп жатқанына қуаныштымыз, бұл біздің тұрақты жүйелі жұмысымызды көрсетеді. Әрбір осындай кездесу – мектепке дейінгі жастың құндылықтарын талқылау және одан әрі даму жолдарын белгілеу үшін тамаша мүмкіндік.
Конференцияда Петропавл қаласының алдыңғы қатарлы білім беру алаңдарының, құзырет орталықтарының тәжірибелері ұсынылды.