Салалар
Талқылаулар
Новость

Еnglish reading: English texts for beginner
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен (Бұйрық №83, 09.04.2025ж.) педагогтердің республикалық, облыстық оқу-әдістемелік бірлестігімен ұсынылған авторлық материалдар негізінде тәжірибені тарату мақсатында Microsoft Team платформасында ағылшын тілі мұғалімдері үшін 10.04.2025 жыл вебинар өткізілді.
Вебинар барысында 2025 жылы аттестатталатын «Ы.Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназиясының» ағылшын тілі пәні мұғалімдері Байділдаева Қымбат Дүйсенғазықызы "Expanding Vocabulary for Real-Life Communication", Өтеген Дина Қонысбайқызы «English reading: English texts for beginner», Ахметова Забира Джумадильевна «English through movies and songs» тақырыптарында өздерінің құрастырған авторлық оқыту бағдарламасы аясында таныстырылым жасап, тәжірибесін таратты.
Вебинарға Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары аймақтары қамтылды.