758
0
1438
1126
1277
https://www.facebook.com/profile.php?id=100023833780653
7 сәуірде бастауыш сыныпта сынып жетекшілер “Өмірге салауатты қадам “ тақырыбы бойынша сынып сағатын өткізді. Әрбір адамның өмірінде салауатты өмір салтын ұстану – денсаулықты сақтап, жан мен тәннің үйлесімділігін қамтамасыз етудің басты кепілі. Бұл тек физикалық денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар психологиялық және эмоционалдық жағдайға да әсер етеді. Өмірге салауатты қадам жасау – өзіңді бағалау, болашағыңа қамқор болу деген сөз. Осы орайда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, денсаулық сақтау және психологиялық әл-ауқат туралы маңызды кеңестер берді.Денсаулық – адамның ең құнды байлығы, сондықтан оны сақтауға, күтуге және дамытуға бағытталған әрбір қадам маңызды. Бұл сабақта білім алушыларға ой салған, мағыналы сабақ болды.
b1030skobilim
105
10.04.2025 в 19:01
Білім