Салалар
Талқылаулар
Новость
«Оқуға құштар мектеп»
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2021-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында мектепішілік дәстүрге айналған 8-11 сынып оқушыларымен «Мен оқыған бір кітап» байқауының ІІ кезеңі болып өтті.
Байқау мектеп кітапханашысы Ізғалиқызы Раушан апайымызды еске алу құрметіне орай ұйымдастырылып, балаларының атынан жеңімпаз оқушыларға жүлде тағайындалды. Байқаудың әділқазылар алқасы: аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жылқыбай Қайшыбеков,ардагер ұстаз, зейнеткер Күлжахан Кәрібайқызы, аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Айғаным Асқарбек, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Дүйсенкүл Тілепбергенқызы әр оқушының байқау ережесі бойынша жасаған жұмыстарына жеке талдау жасап, жетістіктері мен кемшіліктеріне аса мән берді.
Алдыңғы буын аға ,әпкелердің оқығаны да, көргені де өте көп екен.Оқушылар шығармашылығына өз бағаларын беріп, «Кітап- құнды дүние» ,«Кітап-ұстаз, ақылшы, дос» екені жайында пікір бөлісті.
Ісшара соңында мектеп директоры М.Сұлтанова, тірек мектебінің эксперимент ісі жөнініндегі орынбасары Б.Жексенбаева оқушыларға ізгі тілектерін білдіріп, жүлде жеңімпаздарын диплом, алғыс хаттармен марапаттады.