Салалар
Талқылаулар
Новость

Отбасы күні мерекесі қарсаңында қаламызда ерекше мағыналы шара өтті. Көшет отырғығу акциясына қаламыздың мектептері қатысты. 🏢🏢🏢Ұйымдастырылған іс-шараға 8 орта мектебінің басшысы, әкімшілік және екі үлгілі отбасы көгалдандыру акциясына қатысып, қаланың саябақ аумағына жаңа тыныс сыйлады. 🌳🌴🌲🌿Табиғатты аялау мен отбасылық құндылықтарды ұштастырған бұл шара – бір күндік еңбек мерекесі ғана емес, болашаққа бағытталған өнегелі бастама болды. 🌞🌞🌞Көшет отырғызу арқылы балалар ата-анасымен бірге табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаға қамқор болудың маңызын терең ұғынды. 🍀☘️🌿Саябақ аумағына шырша, үйеңкі және жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды. 🌹🌷🌺🥀🌾Көгалдандыру жұмыстарына қатысушылар тек қана еңбек етіп қойған жоқ, табиғат аясында бір-бірімен етене жақындасып, жылы жүздесулер мен игі тілектер алмасты. Әр отырғызылған көшет – болашақ ұрпаққа деген сенім. 💝💝💝Көшеттер егілген жерлерге естелік белгілері қойылды. 🗣️🗣️🗣️Отбасы мен табиғаттың арасындағы үйлесімді байланысты нығайтқан бұл акция алдағы уақытта да дәстүрге айналып, саябақтың жаңғыруына серпін болмақ. Іс-шара соңында мектеп басшысы А.Ф Уалиева ата-аналарымызды Отбасы күнімен құттықтап, жылы лебізін, алғысын білдірді.
Отбасы күні мерекесі қарсаңында қаламызда ерекше мағыналы шара өтті. Көшет отырғығу акциясына қаламыздың мектептері қатысты. Ұйымдастырылған іс-шараға 8 орта мектебінің басшысы, әкімшілік және екі үлгілі отбасы көгалдандыру акциясына қатысып, қаланың саябақ аумағына жаңа тыныс сыйлады.
Табиғатты аялау мен отбасылық құндылықтарды ұштастырған бұл шара – бір күндік еңбек мерекесі ғана емес, болашаққа бағытталған өнегелі бастама болды.
Көшет отырғызу арқылы балалар ата-анасымен бірге табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаға қамқор болудың маңызын терең ұғынды.
Саябақ аумағына шырша, үйеңкі және жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды.
Көгалдандыру жұмыстарына қатысушылар тек қана еңбек етіп қойған жоқ, табиғат аясында бір-бірімен етене жақындасып, жылы жүздесулер мен игі тілектер алмасты. Әр отырғызылған көшет – болашақ ұрпаққа деген сенім.
Көшеттер егілген жерлерге естелік белгілері қойылды.
Отбасы мен табиғаттың арасындағы үйлесімді байланысты нығайтқан бұл акция алдағы уақытта да дәстүрге айналып, саябақтың жаңғыруына серпін болмақ. Іс-шара соңында мектеп басшысы А.Ф Уалиева ата-аналарымызды Отбасы күнімен құттықтап, жылы лебізін, алғысын білдірді.