Салалар
Талқылаулар
Новость

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберіңде
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберіңде КММ “Новоишим қазақ орта мектебінің” оқушылары шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру және туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында эссе байқауына қатысты. Бұл шара оқушыларды өз ойларын еркін жеткізуге, сыни тұрғыдан ойлауға және қоғам өміріне белсене араласуға баулыды.
Байқау аясында әр сынып деңгейіне сәйкес тақырыптар белгіленді.
1–4 сынып оқушылары «Таза Қазақстан» тақырыбында өз туған өлкесінің табиғатын қорғау, тазалықты сақтау туралы жүрекжарды ойларымен бөлісті.
5–9 сынып оқушылары «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында қоғамдағы құқықтық сауаттылық пен тәртіптің маңыздылығын өз көзқарастары арқылы ашуға тырысты.
10–11 сынып оқушылары үшін «Адал азамат» тақырыбы ұсынылып, олар адалдық, адамгершілік және елге деген жанашырлық жайлы терең толғады.
Бұл байқау жас ұрпақтың елжандылық сезімін нығайтып, әділдік пен адалдыққа деген сенімін арттыра түсті. Оқушылардың шығармаларында олардың болашаққа деген сенімі, қоршаған ортаға деген жауапкершілігі мен патриоттық рухы анық байқалды.