Салалар
Талқылаулар
Новость

«Ұлттық құндылық – елдігіміздің негізі, ұрпаққа қалатын ең асыл мұра»
📌«Ұлттық құндылық – елдігіміздің негізі, ұрпаққа қалатын ең асыл мұра»
📝«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында, 2025 жылғы 21 мамыр күні Петропавл қ. «Алпамыс» бөбекжай-бақшасында «Ұлттық құндылық - ел қазынасы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
🔹Іс-шара барысында балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған дәстүрлі ойындары ұсынылды. Сонымен қатар, заманауи технологияларды қолдану арқылы ұлттық ойындарды жаңғырту тәсілдері көрсетілді. Балалардың ашық ауада ойнауы мен серуендеу сәттерінде қолданылатын құрал-жабдықтар ұлттық құндылықтарға негізделгені көрсетілді және ата-аналармен белсенді жұмыс нәтижелерін байқауға болады.
🔹Педагогтер семинарда өздері үшін пайдалы ақпаратты жоғары бағалады, балабақшалары жұмысының тәжірибесін педагогикалық қызметінде мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық құндылықтарын дамыту үшін ойын технологияларын өз қызметінде пайдалануға дайын екендіктерін білдірді.
🔹Облыстық семинарымызға Петропавл қаласының және Ақжар, Аққайын, Есіл, Қызылжар, Мамлют аудандарының педагогтері қатысып тәжірибе алмасты, нәтижесінде жаңа технологияларды дамыту мәселелері талқыланып, ризашылықтарын білдірді.