Салалар
Талқылаулар
Новость

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай
Шу ауданы, Төле би ауылы
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 22 мамыр күні 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, 7 "Ә" сынып жетекшісі З. Балтабаева тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ХХ ғасырдағы зұлмат жылдардың тарихи маңызын ұғындыру, жазықсыз құрбан болған жандардың рухына тағзым ету, оқушылардың тарихи сана-сезімін қалыптастыру.
Сабақ барысында тарихи деректер, архивтік материалдар, тағдырлы тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Қуғын-сүргін құрбандарына үнсіздікпен тағзым жасалды. Сонымен қатар білім алушыларға ХХ ғасырдың 30-50 жылдары кеңес үкіметі жүргізген саяси қуғын-сүргіннің себеп-салдарын терең түсіндіру, тоталитарлық жүйенің зардаптарын ұғындыру, тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге үндеу. Оқушыларға саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жазықсыз тұлғалардың өмір жолын таныстыру арқылы олардың бойында азаматтық белсенділік пен әділдікке деген құрмет қалыптастыру көзделді.