Салалар
Талқылаулар
Новость

Соңғы қоңырау – есеюдің, батылдықтың және келешекке жаңа қадам бастаудың символы.
🔔 Соңғы қоңырау – есеюдің, батылдықтың және келешекке жаңа қадам бастаудың символы.
Әдістемелік орталықтың директоры Р.С. Сәркен 23 мамыр 2025ж. «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернат» КММ-сіндегі оқу жылының аяталуына арналған соңғы қоңырау соғу салтанатына қатысты.
📚 Лицей үшін бұл оқу жылы жарқын әрі нәтижелі болды, қажырлы еңбектің, тәлімгерлердің қолдауының және табысқа деген талпыныстың арқасында лицей оқушылары пәндік олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда тамаша нәтижелерге қол жеткізді:
🏅 республикалық деңгейде 20 жүлделі орын,
🏅 облыстық деңгейде 70 жүлделі орын иегерлері атанды.
Лицей оқушылары кезекті рет білімдерінің жоғары деңгейін және жетістіктерге деген ұмтылысын тағы да растады. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры Е. М. Исакаев түлектерге ЖОО-ға түсуге 14 грант табыс етті.
📜 Су тасқыны салдарын жоюға белсене қатысқан, сондай-ақ білім беру саласында көп жылдық еңбек өтілімен ерекшеленген лицей педагогтары Білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Әдістемелік және сараптамалық қызметке белсенді қатысқаны үшін педагогтарға Әдістемелік орталықтың Алғыс хаттары табысталды.
🎓 Бұл күн түлектер, олардың ата-аналары мен педагогтер үшін ерекше болды. Оқушылар мектеп вальсінің ырғағымен өздерінің мұғалімдерімен, мектебімен және шәкірттік қимас жылдарымен қоштасты. Мерекелік бағдарламада мұғалімдерге алғыс айтумен қатар, ата-аналардың жүрекжарды жылы тілектері айтылды.
Түлектер өз білім ордасына, тәлімгерлеріне ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан Республикасының түлегі атағын абыроймен алып жүруге уәде берді.
🔔 Салтанатты жиын соңында мектептің соңғы қоңырауы жаңа ересек өмірдің басталуының символы ретінде соғылды.