Салалар
Талқылаулар
Новость

Ауғанның отты жалыны
«АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖАЛЫНЫ»
Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуының 35 жылдығына орай, 14- ақпан күні "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында «Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Мерекелік іс- шараның құрметті қонақтары: Аудандық ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Муфтахов Серік, соғыс ардагерлері Сақташев Айжарық, Молдағалиев Сағынғали, Төлепбергенов Серік, Зинетуллин Темірболат ағаларымыз.

Шара шымылдығын мектеп директоры Т.Ажгалиева ашты.
Оқушылар әскери борышын өтеген жауынгерлердің батырлығы мен ерліктері жайлы білді. Экранда соғыс хроникасының кадрлары көрсетіліп, сахнадан ауған жерінде шыққан әндер естілді. Кездесуге қатысушылар Ауғаныста қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске түсірді.
8- сынып оқушысы Алуа Ерғуатованың "Ардагерлерге арнау" көркем сөзімен, Асылым Каменованың орындауында Әбдімомын Жеделбаевтың "Ерке сылқым" күйімен жалғасты.
Мектеп қонақтары өмірлерінің бір тарауы болып өткен соғыс жайлы айтып, жолдастарынан айырылу күйініштерімен бөлісті, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. АӘД пәнінің мұғалімі Н.Жұмабаев ардагерлерімізге рухани қажырлық пен оптимизм тіледі.
15- ақпан Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күні ардагерлер үшін тамаша мейрам бола тұра, дәл сол күн осы қасіретті соғыста қаза тапқан интернационал -жауынгерлерді еске алу күні де болып табылады. «Біз соғыста қаза тапқан интернационал -жауынгерлердің ерліктеріне бас иеміз. Бұл кездесу елінің азаматы ретінде, болашақ Отан қорғаушы ретінде оқушылардың бойларына рух беріп, Отан алдындағы борышын адал өтеуге ынталандырады»-деп сөздерін қортындылады. Бұл кездесуден оқушылар ұмытпастай әсер алды. Батылдық пен ерліктің ерең үлгісін көрсеткен қаhарман жерлестерімізге құрмет көрсетіліп, сыйлықтар ұсынылды.


.jpg)
.jpg)





Соғыс. Жазықсыз төгілген қан. Зұлымдық. Қай кезде де суық естіледі. Тарих қойнауына көз жіберсек қаралы жылдармен орын алған уақыттың бірі – Ауған соғысы. Бұл – 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, ішкі істеріне қол сұғуынан тұтанған соғыс. Осы кезде Кеңес өкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерін кіргізуге шешім қабылданды. Қанша адамның өмірін жалмап, қанша азаматтың болашағына балта шабылды. Ұзаққа созылған бұл соғыс елдің өз ішінде ғана емес, сырт мемлекеттердің қатысуымен де жалғаса берді. Бұл ретте мұндай зұлматтың абырой әпермейтінін білген Кеңес өкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жыл ішінде толықтай алып шығу туралы шешімге келді. Осылайша 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал-лейтенант Б.Громов «Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды» деген мәлімдеме жасады. Бүгінде елімізде 10000-ға жуық ауған соғысының ардагері болса, олардың 3000-дайы мүгедек болып оралған. Сандарды сөйлетсек, облыс бойынша соғысқа қатысқан 860 адамның 20-сы қаза тауып, 28-і мүгедектер қатарында. Ал ауданнан бұл соғысқа 80-нен астам азамат қатысып, оның бірнешеуі майдан даласында қаза тапты.