Салалар
Талқылаулар
Новость

№11 мектеп-лицейінде «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курстары
2025 жылдың 02 - 27 маусым аралығында Ө.Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицейінде «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курстары 1- сыныпқа баратын балалар үшін өз жұмысын бастайды.
2025 жылдың 02 - 27 маусым аралығында Ө.Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицейінде «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курстары 1- сыныпқа баратын балалар үшін өз жұмысын бастайды.
«Балақайлар мектебі» – бұл мектепке дайындық топтар, бүлдіршіндерді бірте-бірте және мұқият мектепте оқуға дайындайтын болады. Оқыту қазақ және орыс сыныптарында оқуға дайындық бойынша топтарда жүргізіледі. Сабақ күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін бір ай бойы өтеді.
*Дайындық бағдарламада ұйымдастырылатын сабақтар:*Сөйлеуді дамыту,
Сауат ашу негіздері (оқу, жазу, грамматика),
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (логика, математика),
Ұсақ қол моторикасын және ой-қиялдарын дамыту бойынша сурет салу, мүсіндеу, жапсыру
* Мекен -жайымыз:*
Абай даңғылы, 6, Ө.Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицейі
* Оқыту ұзақтығы:* 02.06 - 27.06.2025ж
* Басталуы:* сағат 9:00- 10.35
*Жұмыс тәртібі:* 4 сабақтан аптасына бес күн
*Сабақтың ұзақтығы:* 20 минут
*Демалыс:* сенбі- жексенбі