Салалар
Талқылаулар
Новость

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
Құрметті жас қазақстандықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!
Бұл күн бізге ең басты құндылық — балалық шаққа деген қамқорлықты еске салады. Біз әрбір баланың қауіпсіздік, сүйіспеншілік пен қуанышқа толы ортада өскенін қалаймыз.
Құрметті балалар, сіздер еліміздің болашағысыздар. Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен адал достар тілейміз!
Бүгінде Қазақстанның көптеген қала мен ауылдарында құтқарушылар сіздер үшін сайыстар, шеберлік сабақтары, экскурсиялар, техника көрсетілімдері және нағыз батырлармен кездесулер өткізуде. Маңызды ережелерді есте сақтасаңыздар, қауіпсіздік оңай екенін біліңіздер.
Жазғы демалыс - демалу мен қызықты оқиғалардың уақыты. Сондықтан судың жанында, орманда, жолда және үйде сақ болыңыздар.
Қазақстан ТЖМ әрқашан сіздермен бірге және балаларды қауіп-қатерлерден қорғау үшін барлығын жасайды.
Жазғы демалыс шаттыққа толы, жарқын сәттермен есте қалсын!
Құрметпен,
ҚР ТЖ вице-министрі
генерал-майор
Кеген Тұрсынбаев