Ағымдағы жылдың 3 маусымында «Мектеп жасына дейінгі баланың интеллектуалды дамуындағы жаңа буын ойындары» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Тимирязев және Айыртау аудандарының мектепке дейінгі ұйымның 30 педагогтері қатысты.
Қатысушылар ойын кеңістігін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін ынталандыру әдістерін талқылады. Сондай-ақ дамытушы ойындарды енгізудің тиімді тәжірибелерімен танысты. Спикерлер интерактивті және цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы тәжірибесімен бөлісті.
Вебинар тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және мектепке дейінгі білім беру саласында жаңа шешімдер іздеу алаңы.