Салалар
Талқылаулар
Новость

СҚО физика пәні мұғалімдері қауымдастығының қорытынды отырысы: танымға шабыт беру
🔭 СҚО физика пәні мұғалімдері қауымдастығының қорытынды отырысы: танымға шабыт беру
📅 3 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы физика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының қорытынды онлайн-отырысы өтті. Кездесудің басты тақырыбы – оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру және пәнге мотивацияны көтеру болды.
📚 Қатысушылар келесі маңызды мәселелерді талқылады:
– зерттеу және жобалық жұмыстарды оқушыларды пәнге тартудың құралы ретінде пайдалану;
– ауыл мектептерінде мотивацияны арттырудың тиімді әдістері;
– зертханалық жұмыстардың, пәнаралық байланыстардың және цифрлық ресурстардың маңызы;
– идеялармен алмасу және оқу жылының қорытындысын шығару.
👥 Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды мәселелерді көтеріп, оқытудың өзекті міндеттерін шешу жолдарын талқылады.
📌 2025–2026 оқу жылына арналған негізгі ұсыныстар:
– жобалық және зерттеу қызметін кеңінен енгізу;
– интерактивті тапсырмалар мен әдістемелік кейстер жинағын әзірлеу;
– жасанды интеллект пен STEM құралдары бойынша шеберлік сабақтарын өткізу
#физикаСҚО #МұғалімдерҚауымдастығы #мотивация2025 #STEMмектепте #инновацияларСҚО