Салалар
Талқылаулар
Новость

Жыл қорытындысы: ерекше білім беруге қажеттілігі (ЕББҚ) бар балаларды сүйемелдеу бойынша тиімді тәжірибелер 2025 жылғы 4 маусымда инклюзивті білім беру қауымдастығының жылдық қызметін қорытындылау мақсатында жоспарға сәйкес вебинар өткізілді.
📌 Жыл қорытындысы: ерекше білім беруге қажеттілігі (ЕББҚ) бар балаларды сүйемелдеу бойынша тиімді тәжірибелер 2025 жылғы 4 маусымда инклюзивті білім беру қауымдастығының жылдық қызметін қорытындылау мақсатында жоспарға сәйкес вебинар өткізілді. 💼 Вебинар барысында қатысушылар ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімді тәсілдерімен, сондай-ақ инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудағы озық тәжірибелермен бөлісті. Сонымен қатар, нақты мысалдар негізінде педагогтер, арнайы мамандар (психолог, дефектолог, логопед) және ата-аналар арасындағы нәтижелі өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды. Вебинар қорытындысы бойынша ЕББҚ бар балаларды қолдау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасалды.