Салалар
Талқылаулар
Новость

4 маусымда «Тоқсан би орта мектебі» КММ оқушылары Калиновка орта мектебінің базасында өткен аудандық этномәдени іс-шараға қатысты.
4 маусымда «Тоқсан би орта мектебі» КММ оқушылары Калиновка орта мектебінің базасында өткен аудандық этномәдени іс-шараға қатысты. «Туған өлке» этноауылы жыл сайын мектеп қоғамдастығын туған жерге, қазақ халқының салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілік идеясының айналасына біріктіру, этникалық толеранттылық пен мәдени әралуандықты құрметтеуді қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Мектептің аға тәлімгері О.А.Муравьеваның және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.А.Тасмағамбетованың басшылығымен балалар «Тұсау кесу», «Шашу» жораларын көрсетті, ұлттық тұрмыс бұрышын айшықтады, дастархан жайып, бауырсақ, айран сыйлады, халық ойындарын ойнады, көңілді эстафеталар ойнады , музыкалық нөмірлер орындады.