Салалар
Талқылаулар
Новость

Әдістемелік кабинеттердің трансформациясы: уақыт талабына сай жаңғыру
📅 2025 жылғы 10 маусым күні Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында Солтүстік Қазақстан облысы әдістемелік кабинеттер басшылары мен әдіскерлер қауымдастығының қорытынды отырысы өтті.
Отырыстың тақырыбы:
«Әдістемелік кабинеттердің трансформациясы: уақыт талабына сай жаңғыру».
🔹 Іс-шараға 14 аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің басшылары мен әдіскерлері, БСҚД, кадр және талдау бөлімдерінің өкілдері қатысты.
🎤 «Әдістемелік орталық» КММ директоры Роза Сәкенқызы Сәркен құттықтау сөз сөйлеп, әдістемелік қызметтің жаңартылған міндеттері мен педагогті кәсіби дамытудағы әдіскердің тәлімгер, үйлестіруші және серіктес ретіндегі рөлінің маңыздылығына тоқталды.
📊 Отырыста келесі өзекті мәселелер қаралды:
- 2024–2025 оқу жылындағы білім беру ұйымдарының аттестациясы мен туындаған мәселелер;
- педагогтерді МББ мен аттестацияға дайындаудағы әдістемелік сүйемелдеу;
- «943 –елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы аясындағы қолдау;
- педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының мониторингі және 2025–2026 оқу жылына жоспарлау.
✅ Отырыстың қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:
- Әдістемелік кабинеттердің қызметін қайта қарау, мақсатты мектептерге тәлімгерлік пен жобалық қолдау көрсету арқылы нүктелі сүйемелдеу моделіне көшу.
- Сарапшылардың қатысуымен пәндік шеберлік сабақтары мен БАБДА талдау сабақтарын ұйымдастыру, сәтті аттестациядан өткен педагогтерді біріктіретін тәлімгерлік топтар құру.
- «ТIРЕК» жобасы аясында үздік тәжірибелер негізінде аттестацияға дайындықтың аудандық модельдерін әзірлеу. Ғ.Мүсірепов атындағы әдістемелік кабинеттің мектепті өзін-өзі аттестаттауға дайындау бойынша чек-парақты қолдану тәжірибесін тарату.
- Педагогтердің оқу қажеттіліктерін болжау жүйесін енгізу, кәсіби дефициттерді сараптай отырып, 1–2 жылға алға жоспар құру.
- Әдістемелік кабинеттердің жұмыс нәтижелерін бағалауда инновациялық мектептердің жетістіктерін жалпы есепке қоспау.