Салалар
Талқылаулар
Новость

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасында кеңес өтті.
📌Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасында кеңес өтті.
Бүгін білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары қатысуымен кеңес өтті.
Кеңесте өңірдегі білім беру жүйесін дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды:
🔹 Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау нәтижелері
🔹 2025 жылы өткізілетін ОЗНО
🔹 «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы және 2025–2026 оқу жылына арналған міндеттер
🔹 «943 – Елдің мақсатты мектептері» жобасының жүзеге асырылуы
🔹 Оқушылардың республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардағы жетістіктері
🔹 Кадрмен қамтамасыз ету және қазақ сыныптарын ашу мәселелері
🔹 Жылыту маусымына дайындық және күрделі жөндеу жұмыстары
🔹 Балалардың жазғы демалысы: тәжірибе және міндеттер
🔹 Қауіпсіздік, абаттандыру және оқулықтармен қамтамасыз ету
🤝 Кеңеске қатысушылар жаңа оқу жылына арналған жоспарларды талқылап, облыстағы білім сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты қадамдарды белгіледі.