Салалар
Талқылаулар
Новость

Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру және мектептерде оқушыларды қазақ тілінде сөйлету мәселесі - күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.
🔰 Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру және мектептерде оқушыларды қазақ тілінде сөйлету мәселесі - күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.
🔹 Осы мәселенің шешу жолдарын қарастыру мақсатында 2025 жылдың 11 маусымында Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия- интернатында «Руханият», «Шамшырақ» облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының «Қазақ тілін оқытуда қолданылатын заманауи әрі тиімді әдістер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
🔹 Семинардың мақсаты – қазақ тілін оқытуда заманауи әрі тиімді әдістерді қолданудағы іс-тәжірибелерімен бөлісу және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының жетекшілері жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша қорытынды есебін жасау. Отырысқа 13 ауданнан 40 мұғалім қатысты. Семинарда «Өрлеу» «Біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының» директоры Альмагамбетова Л. С. «Қазақ тілін үйрену жолындағы ішкі қайшылықтар» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар облысымыздың педагог-шебер мұғалімдері де қазақ тілін үйретудегі өз тәжірбиелерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Қазақ тілін үйретіп, дамытуға байланысты жүргізілген іс-шаралар мен қол жеткізген жетістіктер бойынша Шал ақын ауданының, облыстық «Руханият», «Шамшырақ» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының жетекшілері қорытынды есептемелерін жасады. Отырыс соңында 2024-2025 оқу жылында атқарылған жұмыстарға баға беріліп, келесі оқу жылына ұсыныстар жасалды:
1. Авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдар жазуға байланысты аудандарда семинарлар ұйымдастыру;
2. Мектеп кабинеттеріне «Сөйлейтін қабырға» көрнекілік-әдісін енгізу;
3. Балаларды қазақ тіліне үйрету үшін сандық тренажерлар жасап шығаруды қолға алу;
4. «Тілді бойлап оқыту» жобасы негізінде оқулықтар жасау;
5. Заманауи әдістерді педагогикалық тәжірибеге кеңінен енгізу: