Салалар
Талқылаулар
Новость

Жасанды интеллектке негізделген озық шешімдерді қолдану білім беру процесін өзгертудің маңызды аспектісі болып табылады.
🔰 Жасанды интеллектке негізделген озық шешімдерді қолдану білім беру процесін өзгертудің маңызды аспектісі болып табылады.
🔹 2025 жылғы 11 маусымда химия, биология және география мұғалімдері қауымдастығының «Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: цифрлық дәуірдегі білімнің жаңа көкжиегі» тақырыбына арналған қорытынды онлайн отырысы өтті. Іс-шараға облысымыздың әр аудан мектептерінен, қалалық және облыстық мектептер тарабынан 50 жуық ұстаз қатысты.
🔹 Отырыс шеңберінде жасанды интеллектті жаратылыстану пәндерін оқытуға интеграциялаудың негізгі бағыттары қаралды, білім беруді цифрлық трансформациялаудың сын-қатерлері мен перспективалары талқыланды.
🔹 Жаңа білім беру ортасын қалыптастырудағы жасанды интеллекттің рөліне, педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру қажеттілігіне, сондай-ақ тез өзгеріп отыратын технологиялық контекст жағдайында оқушыларды оқытудың заманауи тәсілдерін әзірлеуге ерекше назар аударылды.
🔹 Педагогтерді аттестаттаудың шарттары өзгергеніне байланысты және жасанды интеллект әлеуетін енгізуді ескере отырып «Сабақ» жобасын трансформациялау бойынша, сонымен қатар білім беру процесінің тиімділігін арттыру және біріздендіру мақсатында химия және биология бойынша зертханалық және практикалық жұмыстардың саны мен форматына бірыңғай тәсілді әзірлеу бойынша ұсыныстар қабылданды.
🔹 Барлық қатысушыларға сындарлы жұмысы, бастамашылдығы және білім беруді дамытуға кәсіби қызығушылығы үшін алғыс айтамыз. Белгіленген шешімдерді іске асыру және білім беру сапасын арттыру бойынша бірлескен жұмыс алдымызда.