Салалар
Талқылаулар
Новость

2025 жылғы 4 маусым күні «№8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені “ КММ Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында бірқатар маңызды тәрбиелік мәні зор шаралар өткізілді. Мектеп алаңында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бірыңғай орындап, елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін паш етті. Бұдан кейін «Қазақ рәміздерін білесің бе?» атты зияткерлік викторина ойыны ұйымдастырылып, оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін сынады. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, туған жерге деген махаббат пен құрметті арттыру, елдің тарихына, мемлекеттік тіл мен рәміздерге деген мақтаныш сезімін ұялату болды. Оқушылар викторина сұрақтарына белсенді түрде жауап беріп, өз білімдерін, ой-өрісін көрсете білді. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар: "Қазақстан – өз тарихы, мемлекеттік тілі, Конституциямен бекітілген рәміздері бар, болашағы кемел, тәуелсіз мемлекет!" – деген ұранмен қорытынды жасады.
2025 жылғы 4 маусым күні «№8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені “ КММ Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында бірқатар маңызды тәрбиелік мәні зор шаралар өткізілді.
Мектеп алаңында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бірыңғай орындап, елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін паш етті. Бұдан кейін «Қазақ рәміздерін білесің бе?» атты зияткерлік викторина ойыны ұйымдастырылып, оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін сынады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, туған жерге деген махаббат пен құрметті арттыру, елдің тарихына, мемлекеттік тіл мен рәміздерге деген мақтаныш сезімін ұялату болды. Оқушылар викторина сұрақтарына белсенді түрде жауап беріп, өз білімдерін, ой-өрісін көрсете білді. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар:
"Қазақстан – өз тарихы, мемлекеттік тілі, Конституциямен бекітілген рәміздері бар, болашағы кемел, тәуелсіз мемлекет!" – деген ұранмен қорытынды жасады.