Салалар
Талқылаулар
Новость

Баяндама
Мектеп өмірі: білім,тәрбие,табыс тақырыбында мектептің тыныс тіршілігіне баяндама
Мектеп өмірі: білім,тәрбие,табыс тақырыбында мектептің тыныс тіршілігін баяндауға рұқсат етіңіздер
Сәду Шәкіров атындағы орта мектеп 1959 жылы 17 шілдеде сегізжылдық мектеп- интернат болып ашылды. 1978 жылы мектепке Кеңес Одағының Батыры Сәду Шәкіровтың есімі берілді.
1996 жылы қыркүйек айынан орта мектеп-интернат болып құрылса, 1998 жылы 20 тамыздан С. Шәкіров атындағы орта мектеп болып қайта құрылды.1973-1981 жылдары 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбаны болған Халық қаһармары Қайрат Рысқұлбеков оқыды.
Мектеп алғаш рет құрылған кезде екі бір қабатты және бір үш қабатты ғимаратта орналасты. Бір қабатты екі ғимарат оқу ғимараты ретінде ал, үш қабатты ғимарат жатақхана ретінде берілді. Қазіргі кезде үш қабатты ғимаратта мектеп әкімшілігі және оқу кабинеттері орналасқан.
Мектеп құрылғаннан бері мектепте көптеген білікті мұғалімдер мен тәрбиешілер жұмыс істеп, ерен еңбектері үшін жоғары атақтар, медальдар, төс белгілер марапат грамоталарына ие болды.
Бүгінгі таңда мектеп заман талабына сай мультимедиялық кабинет, 22-интерактивті тақтасы бар кабинеттермен, 3 жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықталған.
С.Шәкіров атындағы орта мектеп ұжымы жүйелі жоспар негізінде жұмыс істейді.
Мектепте жоғары білімді 55 ұстаз оның ішінде 13 педагог зерттеуші; 7 педагог сарапшы; 17 педагог модератор; 15 педагог қызмет атқарады.
Мұғалімдердің біліктілігі мен шығармашылық еңбектерінің арқасында оқушылардың білім сапасы, тәрбие жүйесі үнемі өз нәтижесін беруде.”Ұлттық бизнес - рейтингтер одағының сала көсбасшысы сертификаты табысталып үздік 100 мектеп” тізіміне енгізілді. Экологиялық білім берудің үздік ұйымы ұлттық байқауының аудандық кезеңінің “үздік экологиялық жоба” номинациясы бойынша Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Аудандық “Орта білім беретін үздік ұйым” конкурсына қатысып жүлделі 2 орынға ие болдық.
Мектепті басқарудың жолдарын жан-жақты қарастыра отырып, өзімнің қызметімде мұғалімдерді ынталандырудың түрлі жолдарын үздіксіз жетілдіріп отырып, мұғалімдерді ізденіске бағыттаймыз.
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы көшбасшылық» тақырыбындағы облыстық семинарда тәжірибе алмасып, мектепте оқушыға жайлы жағдай жасаудың жолдарын мектепке енгізудеміз.
2021жылы Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудағы бағдарламасы бойынша курсты аяқтадым. Мектептің даму жоспарын әзірлеп алдағы даму бағытымды айқындадық.
«Білім беру сапасын көтерудің ғылыми-практикалық негізі» тақырыбында білім жетілдіріп, кәсіби байқауларда басқару тәжірибемді жетілдіріп отырамын.
Білім беру ұйымдарының жас директорлары арасында өткізілген облыстық «Үздік жас директор»байқауына қатысып II дәрежелі дипломмен марапатталдым. Аудандық,облыстық “педагогикалық идеялар фестивалінде білім берудегі менеджмент” бағыты бойынша 2022-2023 2 орын; 2023-2024 1 орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алдым.
Еліміздің әлеуметтік және рухани дамуында білім беру саласына қосқан үлесі және білімді, өнегелі, дарынды болашағын тәрбиелеудегі жемісті еңбегі мен жоғары жетістіктері үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын»Республикалық ғылыми практикалық орталығының құрмет грамотасымен марапатталдым.
2022 жылы біліктілік санатын беру бойынша аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес «Басшы менеджер»біліктілік санаты берілді.
Мектеп халықаралық зерттеулерге ПИЗА 2024, мемлекеттік білім беру жетістігінің мониторингіне қатысып, оқушылар 58% , 94% сауаттылық деңгейлерін көрсетті. Мектеп әкімшілігі халықаралық зерттеуінің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқаны үшін Жамбыл облысы әкімдігінің, білім басқармасының оқу әдістемелік орталығының құрмет грамотасымен марапатталды.
Мұғалім жетістігі бұл - мұғалімнің кәсіби қызметіндегі табыстары мен қол жеткізген нәтижелерінің жиынтығы. Ол бірнеше бағыт бойынша көрініс тапты.
- Оқушы жетістіктері арқылы - білім сайыстарында, олимпиадаларда, тестілеу мен дебаттарда жоғары нәтиже көрсетті.
- Кәсіби даму арқылы ғылыми әдістемелік мақалалар жариялау арқылы, педагогикалық шеберлік байқауларға қатысуы.
- Әдістемелік жетістіктері - жаңа оқыту әдістерін қолдану, авторлық бағдарламалар құрастыру, замануи технологиялар тиімді қолдану.
- Қоғамдық танылуы марапаттар, құрмет грамоталары, кәсіби қауымдастықтағы мүшелігі, мектептегі, аудан көлеміндегі беделі.
- Жеке тұлғалық дамуы көсбасшылық қабілеті, тәрбие жұмысындағы белсенділігі, әріптестері мен ата-аналары тарапынан құрметке ие болуы.
- «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңінің «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша(Ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер) химия пәнінің мұғаліміАйдаралиева Айнур Маданиятқызы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2024 жыл
- «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңінің «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша(Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер) ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бекбай Айгерім Бекділдәқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2024 жыл
- «Үздік сынып жетекшісі-2024» атты сынып жетекшілері арасында өткізілген аудандық байқауында бастауыш сынып мұғалімі Балқыбекова Айдана Қайратқызы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2024 жыл
- ҚР-сы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай, мәслихат депутаттары және мәслихат апаратының қызметшілері қатысуымен облыстық спартакиадасында «Футболдан» дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Буралкиев Самат Смаилович ІІ орын дипломымен марапатталды. 2024 жыл
- «Туған жерге қамқорлықпен» экомарафоны атты экологиялық жобалар байқауында химия пәнінің мұғалімі Айдаралиева Айнур Маданиятқызы ІІІ орын дипломымен марапатталды. 2024 жыл
- «Дарынды балаға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Махат Жансая Маратқызы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2025 жыл
- Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде математика пәнінің мұғаліміТурсынбаева Дана Аликкызы ІІ орын дипломымен марапатталды. 2025 жыл
- Аудандық «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас мамандар байқауында физика пәнінің мұғалімі Саулебаева Айнур Ержанкызы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2025 жыл
- Халықаралық Дубай Египет V съезд делегация Ағылшын, Араб, Түрік , Қытай тілдерінде 100 аудармашылар құрамына кіргенін растау Бекбай Айгерім Бекділдәқызы, 2025 жыл.
- Мұғалімдер арасында облыстық Спартакиадасында үстел теннисінен Бакирова Айгүл Кайратовна, Әбіш Нұрберген Нұрланұлы, Қожаханов Дидар Нұрланұлы ІІІ орын дипломдарымен марапатталды.
- Жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасындағы үстел теннисінен республикалық турнирінде Әбіш Нұрберген Нұрланұлы І орын, Қожаханов Дидар Нұрланұлы ІІІ орын дипломымен марапатталды. 2025 жыл
Оқушы жетістігі - белгілі бір салада қол жеткізген тасбытары мен дамуының көрсеткіші. 2023-2025 оқу жылдарында Сәду Шәкіров мектебінің оқушылары аудандық 135 ,облыстық 33, республикалық 227, халықаралық 35 жүлделі орындарға ие болды.
- Оқушы жетістігі- академиялық жетістік олимпиада, ғылыми жобалар, тест нәтижелері.
- Шығармашылық жетістік- өнер, музыка, әдебиет саласындағы табыстары
- Спорттық жетістік жарыстарда, турнирлерде алған марапаттар мен медальдар.
- Қоғамдық белсенділік мектепішілік , аудандық, республикалық деңгейде жобаларға қатысу ұйымдастыру.
Білім ошағымызда дарынды білім алушылар түрлі зияткерлік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға сондай- ақ, шығармашылық тұсынан алғанда өнер, музыка, спорттық жарыстарға етене қатысып, жүлделі марапаттарға ие болып отыр. Атап айтқанда:
І. 2023-2024 оқу жылында ауыл мектептеріне арналған 9-11 сынып оқушыларының пәндік республикалық олимпиадасынан 11 сынып оқушысы Амантай Аяжан «құқық негіздері» пәнінен республикалық кезеңінен ІІІ орынды иеленді; аталған олимпиаданың облыстық кезеңінен 12 оқушы жүлделі І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды, атап айтқанда:
- Амантай Аяжан
- Айтхан Гүлім
- Әлдибай Айым
- Әскербай Алтынай
- Орынтай Құралай
- Жолшыбай Әділ
- Нағашбек Нұрай
- Оразова Айсұлу
- Кеңесбек Жадыра
- Ашимбекова Амина
- Асимханов Санжар
2023-2024 оқу жылында Еркін Аруна жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылар арасында өтілетін республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңінен грамотамен марапатталды.
Білім ошағымызда дарынды білім алушылар түрлі зияткерлік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға сондай- ақ, шығармашылық тұсынан алғанда өнер, музыка, спорттық жарыстарға етене қатысып, жүлделі марапаттарға ие болып отыр. Атап атқанда:
І. 2023-2024 оқу жылында ауыл мектептеріне арналған 9-11 сынып оқушыларының пәндік республикалық олимпиадасынан 11 сынып оқушысы Амантай Аяжан «құқық негіздері» пәнінен республикалық кезеңінен ІІІ орынды иеленді; аталған олимпиаданың облыстық кезеңінен 12 оқушы жүлделі І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды, атап айтқанда:
- Амантай Аяжан
- Айтхан Гүлім
- Әлдибай Айым
- Әскербай Алтынай
- Орынтай Құралай
- Жолшыбай Әділ
- Нағашбек Нұрай
- Оразова Айсұлу
- Кеңесбек Жадыра
- Ашимбекова Амина
- Асимханов Санжар
2023-2024 оқу жылында Еркін Аруна жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылар арасында өтілетін республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңінен грамотамен марапатталды.
2023-2024 оқу жылында Қали Әбілмансұр «Фабрикалар идеясы» атты ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ағымдағы оқу жылында «Туған жерге- қамқорлықпен» атты республикалық экомарафонның республикалық кезеңінен 8-9 сынып білім алушылары Егеш Нұржігіт, Бекталы Бекарыс, Еркін Жалын, Алмабек Алуа, Ахметбек Айша «БиоБолашақ» командасы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, 700 000 тг сертификатқа ие болды.
Респубиликалық «ProEco» атты экологиялық ғылыми жобалар байқауына 7 сынып оқушылары Бекталы Асылай мен Кеңесбек Айару қатысып облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанып, республикалық кезеңінен грамотамен марапатталды.
ІІ. Білім алушылар түрлі спорттық байқауларға да қатысып, жеңімпаз атануда, үстел теннисі, дзю до, бокс, таеквон до, футбол, велоспорт т.б
9 сынып оқушысы Ержан Райана дзю до спорт түрінен республика чемпионы. Атап айтқанда, Жамбыл облыстық чемпионатында, Шымкент қаласы, Орал қаласы, Ақтау қаласы, Семей қалаларында өткен республикалық чемпионаттарында І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом мен сыйлықтарға ие болды.
Үстел теннисінен Чотаев Мұхтархан, Таңатар Дарын, Қоңырбай Марғұлан, Әділхан Бекзат, Бақытбай Балауса, Таңатар Ұлжан т.б
Футбол спорт түрінен Чотаев Мұхтархан, Сұлтанбек Алмас, Жұмахан Нұрсәт, Рафикұлы Алмаз.
Сапалы білім беру жолында табысқа жетудің тағы бір формуласы ол табыстылық кепілі- еңбекқорлық.
Өз ісіне деген адалдық , ізденіс- мектеп ұстаздарына тән қасиет. Мектептің әрбір ұстазы өз ісін жауапкершілікпен атқарады және үнемі ізденістегі еңбеккор жандар деп айта аламын.
Қазіргі білім беру жүйесі заман талабына сай жаңарып, үздіксіз даму үстінде. Осы орайда мектеп пен университет арасындағы стратегиялық әріптестік-сапалы білім берудің маңызды факторы болып табылады. Бұл әрісптестік мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын дұрыс айқындауғы, білім сапасын арттыруға және ғылымға қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік береді. Университеттің профессор оқытушылар құрамы мектеп мұғалімдеріне әдістемелік семинарлар өткізіп, мұғалімдердің кәсіби өсуіне және орта мектептің дамуына үлкен серпін болатындығына сенім білдіреміз.