Салалар
Талқылаулар
Новость

"Сырымбет" тарихи-этнографиялық мұражайына танымдық экскурсия
2025 жылғы маусым айында Новоишим қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушылары қазақ тілі пәні мұғалімінің жетекшілігімен Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайына танымдық экскурсияға барып қайтты.
Сапардың негізгі мақсаты – оқушыларға қазақтың ұлы ғалымы, этнограф, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, тарихи-мәдени мұралармен таныстыру, сондай-ақ ұлттық тәрбиені қалыптастыруға ықпал ету.
Мұражайда оқушылар ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін жәдігерлермен танысып, Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен жер туралы мағлұмат алды. Мұражай қызметкерлері ғалымның ғылыми еңбектері мен қазақ тарихындағы орны жөнінде мазмұнды ақпараттар ұсынды.
Биыл – Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толып отыр. Осыған орай ұйымдастырылған бұл экскурсия біртұтас ұлттық тәрбие тұжырымдамасы аясында өткізілді. Шара оқушылардың отансүйгіштік қасиетін арттыруға, тарихи санасын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды бағалауға бағытталды.
Оқушылар сапардан үлкен әсер алып, тарихи тұлғаның өмір жолына қызығушылық танытты. Мектеп ұжымы осындай тағылымдық шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына оң ықпал ететініне сенімді.