Салалар
Талқылаулар
Новость

"Оқуға құштар мектеп" жобасы
"Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында өткізілген
"Кітап оқу байқауы" жобасы өз мәресіне жетті.
📚Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде " Оқуға құштар мектеп " жобасы мен " Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында өткізілген "Кітап оқу байқауы" жобасы өз мәресіне жетті. Үздік оқырман оқушыларға спорттық велосипед пен планшет, смартсағат секілді бағалы сыйлықтар үлестірілді.
📖Байқау нәтижесінде бастауыш сыныптары бойынша бас жүлдені 4 "Б" сынып оқушысы Ғабиден Айару жеңіп алды. І - орынды 4 "Ә" сынып оқушысы Сейілхан Батырхан, ІІ - орынды 4 "Б" сынып оқушылары Серік Айнара мен Серікхан Кәусар, ІІІ - орынды 4 "Ә" сынып оқушылары Бейшенқұл Аяжан мен Жомарт Еркеназ және 4 "А" сынып оқушысы Бақытжанқызы Айару иеленді.
📖Байқау нәтижесінде орта буын сыныптары бойынша бас жүлдені 7 "Г" сынып оқушысы Батырхан Ескендір жеңіп алды. І - орынды 7 "А" сынып оқушысы Аятхан Нұртілек, ІІ - орынды 7 "Ә" сынып оқушысы Қаутан Гүлменай мен 7 "А" сынып оқушысы Асқар Нұрәлі, ІІІ - орынды 6 "А" сынып оқушысы Секен Амир және 6 "Д" сынып оқушысы Ниденс Эсма иеленді.