Салалар
Талқылаулар
Новость

"Балақайлар мектебі" даярлық тобы өткізілген шаралар
М Жұмабаев атындағы №65 мектеп гимназиясының жанынан ашылған «Балақай мектебі» даярлық тобының 9-13 маусым аралығындағы атқарылған жұмыстары:
Сауат ашу: Сөздерді буындарға бөлуге үйренді. Балаларды дыбыстарды анық айуға үйрету мақсатында жаңылтпаштар, өлеңдер, санамақтар жаттады.
Сөйлеуді дамыту: Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдер туралы түсінік алды.
Математика негіздері: Заттарды түсі, пішіні мен өлшемі бойынша салыстырды. Шартты өлшем құралымен ұзындық, биіктік және енін өлшеуге үйренді;
Қоршаған орта: Туыстық байланыстар туралы түсініктері жетілді. Туыстық атаулармен танысты. Балаларға көмектесетін күнделікті заттармен танысты.
Жапсыру (Мүсіндеу.Сурет салу.) Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдануға, пропорцияларды сақтауға, командада жұмыс істей білуге жаттықты. Ермексазбен жұмыс жасау әдістерін меңгерді.
Көркем әдебиет: Түрлі әдеби жанрлардың (ертегі,әңгіме, өлең) ерекшеліктерімен танысты.