Салалар
Талқылаулар
Новость

Ойын арқылы үйрену - табысты балалық шақтың жолы!
🎓 Ойын арқылы үйрену - табысты балалық шақтың жолы!
🗓️ Ағымдағы жылдың 9-18 маусым аралығында Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Солтүстік Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері үшін көшпелі біліктілікті арттыру курстарын өткізді.
🎲 Курстың тақырыбы: «Білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру».
🏫 Курстар шеңберінде Петропавл қаласының «Ақ бота», «Балдәурен», «Айгөлек» және «Алтын бесік» балабақшалары базасында ұйымдастырылған теориялық білім алып, практикалық сабақтарға қатысқан 100 педагог оқытудан өтті.
💡 Практикалық сессиялар мектепке дейінгі ұйымдардағы ойын білім беру ортасының тиімділігін арттыруға бағытталған және педагогтердің кәсіби арсеналын ойын қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен тәсілдерімен байытты.