Салалар
Талқылаулар
Новость

«Профквест» тобы.
Жазғы лагерь аясында кәсіби бағдар беру мақсатында құрылған «Профквест» тобының қатысушылары бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне экскурсия жасап, жоғары оқу ордасының тыныс-тіршілігімен жақын танысты. Балалар университеттің оқу ғимараттарын аралап, оқу процесімен, әртүрлі факультеттер мен мамандықтар туралы ақпарат тыңдап, болашақ мамандық таңдау жолында маңызды бағыт-бағдар алды. Сондай-ақ, білім беру жүйесі, оқу бағдарламалары, студенттік өмір мен мүмкіндіктер туралы пайдалы мәліметтермен танысты. Бұл сапар оқушыларға жоғары білім беру саласы жайлы тереңірек түсінік қалыптастырып, болашақ кәсіби мақсаттарын айқындауға септігін тигізді.